Skip Navigation

National Geographic Society Este programa se distribuye en los Estados Unidos y Canadá por National Geographic y EHD. [obtenga más información]

DVD ilustrado plurilingüe

La biología del desarrollo prenatal




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


 

Descargar versión en formato PDF  ¿Qué es PDF?
 

El embrión de 8 semanas

Capítulo 30   8 semanas: desarrollo del cerebro

8-аптада ми аса дамып, эмбрион денесінің жалпы салмағының жартысын дерлік құрайды.

Өсу әдеттен тыс қарқынмен жалғасады.

Capítulo 31   Cualidad de diestro y zurdo

8-аптада эмбрионның 75 пайызы оңқай екендігін көрсетеді. Қалғандарының тең жартысыны солақай, ал жартысы айырмашылықсыз болады. Бұл оңқайлық немесе солақайлықтың ерте көріністері.

Capítulo 32   Voltearse

Педиатрлық оқулықтарда туылғаннан 10-20 аптадан кейін пайда болатын "аунау" қабілеттері айтылады. Алайда, мұндай әсерлі координация тығыздығы төмен сұйықтыққа толы қағанақта әлдеқайда бұрын көрінеді. Тек жатыр сыртындағы жоғарырақ ауырлық күшін жеңуге қажетті күштің жетпеушілігі нәрестенің домалауына кедергі келтіреді.

Бұл кезде эмбрион белсендірек қозғалады.

Қозғалыстар баяу немесе жылдам, бір реттік немесе қайталанбалы, өздігінен немесе рефлесивтік болуы мүмкін.

Бастың бұрылуы, мойынның созылуы, қолдардың бетке тиюі жиі болып отырады.

Эмбрионның тиюі қылилықты, жақтың қозғалысын және аяқ саусақтарының қалыптасуын айқындайды

Capítulo 33   Fusión de los párpados

7 және 8 аптаның аралығында, үстіңгі және астыңғы қабақтар жылдам өсіп, бір-біріне жарым-жартылай жабысып тұрады .

Capítulo 34   Movimiento respiratorio y micción

Жатырдың ішінде ешқандай ауа болмаса да, 8 аптада эмбрион ауық-ауық дем шығарады.

Осы уақытта бүйректер қағанақ сұйықтығына ағатын зәр бөліп шығарады.

Еркек эмбриондарда дамып келе жатқан ұрық бездері тестостерон шығара бастайды.

Capítulo 35   8 a 9 meses (32 a 36 semanas): formación de alvéolos, agarre firme, preferencias de sabor

Сүйектер, буындар, Бұлшық еттер, жүйке және аяқ-қолдардың қан тамырлары ересек адамдікіне өте ұқсас болады.

8 аптада эпидерма немесе сыртқы тері өзінің мөлдірлігін айтарлықтай жоғалтып, көп қабатты мембранаға айналады.

Ауыздың айналасында шаш өскен кезде қастары да өсе бастайды.

Capítulo 36   Resumen de las primeras 8 semanas

Сегізінші апта эмбриондық кезеңнің біткенін білдіреді.

Осы уақыт ішінде адамның эмбрионы жалғыз жасушадан 1 млрд. жасушаға дейін көбейеді, бұл өз кезегінде әр түрлі 4000 анатомиялық құрылымды құрайды.

Эмбрион осы уақытта ересек адамға тән 90% астам құрылымға ие болады.