Skip Navigation

National Geographic Society Este programa se distribuye en los Estados Unidos y Canadá por National Geographic y EHD. [obtenga más información]

DVD ilustrado plurilingüe

La biología del desarrollo prenatal




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


 

Descargar versión en formato PDF  ¿Qué es PDF?
 

El período embrionario (Las primeras 8 semanas)

Desarrollo embrionario: Las primeras 4 semanas

Capítulo 3   Fecundación

Биология тілімен айтқанда, "адамның дамуы ұрықтанудан басталады", әйел мен еркек әрқайсысы өздерінің 23 хромосомасынан жыныстық жасушалар арқылы біріктіреді.

Әйелдің жыныстық жасушасы әдетте "аналық жасуша" деп аталады, бірақ дұрыс термині - ооцит.

Сол сияқты еркектің жыныстық жасушасы көбінесе "сперма" деген атпен танымал, бірақ дұрыс атауы - сперматозоид.

Овуляция деп аталатын процесс кезінде әйелдің аналық безінен ооцит шыққаннан кейін ооцит және сперматозоид жиі Фаллопий түтікшесі деп аталатын жатыр түтікшелерінің бірінде бірігеді.

Бұл жатыр трубкалары әйелдің аналық безі мен жатырын байланыстырады.

Осының әсерінен пайда болатын жалғыз жасушалы эмбрион зигота деп аталады, бұл қосылған деген мағынаны білдіреді.

Capítulo 4   ADN, división celular y factor temprano de embarazo

Зиготаның 46 хромосомасы жаңа дамып келе жатқан адамның толық генетикалық жобасын көрсетеді. Бұл жоба ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) деп аталатын спираль тектес молекулаға жазылады. Онда бүкіл дененің дамуына керекті нұсқаулар көрсетілген.

ДНҚ-ның молекулалары айналма сатыны еске түсіреді. Сатының басқыштары гуанин, цитозин, аденин және тимин деп аталатын қосарланған молекула немесе негіз жұптарынан құралған.

Гуанин жұптары тек қана цитозинмен, ал аденин - тиминмен байланысады. Адамның әрбір жасушасы шамамен 3 миллиард осындай жұптардан құралады.

әрбір жасушаның ДНҚ-сындағы ақпараттың көптігі сондай, егер осы ақпарды сөз қылып басса, әрбір негіздің тек қана бірінші әрпін тізіп шығу үшін 1,5 миллион бет мәтін қажет болар еді.

Егер ұшпа-ұш жалғайтын болса, адамның бір жасушысының ДНҚ 3 1/3 фут немесе 1 метр шығады.

Егер де ересек адамдағы 100триллион жасушаның ДНҚ-ң барлығын тарқататын болсақ, 63 миллиард милядан астам жерге созылатын еді. Бұл ара қашықтық Жерден Күнге 340 рет барып-қайтуға жетеді.

Ұрықтанғаннан 24-30 сағаттан кейін зигота жасушасының бірінші бөлінуін жүзеге асырады. Митоза процесі арқылы бір жасуша екіге, екеуі төртке және әрі қарай бөліне бастайды.

Ұрықтану басталғаннан 24-48 сағаттан кейін "жүктіліктің ерте факторы" деп аталатын гормоны ананың қанында табылуы арқылы жүктілікті растауға болады.

Capítulo 5   Etapas iniciales (mórula y blastocito) y células madre

Ұрықтанғаннан 3-4 күннен кейін эмбрионның бөлінген жасушалары сфералық қалыпқа келе бастайды, және эмбрион морула деп аталады.

4-5 күннен кейін осы сфераның ішінде шұңқыр пайда болып, эмбрион бұл кезде бластоциста деп аталады.

Бластоцистадағы жасушаларды жасушаның ішкі массасы деп атайды, және ол басты, денені, адамның дамуына керекті басқа да құрылымдарды өсіреді.

Ішкі жасуша массасындағы жасушаларды эмбриондық дің жасушалары деп атайды, себебі олардың адам ағзасындағы әрқайсысы 200 бөлшектен тұратын жасуша түрлерін түзе алады.

Capítulo 6   1 a 1½ semanas: implantación y gonadotropina coriónica humana (GCH)

Жатыр түтікшесінен төмен түсіп, ерте эмбрион аналық жатырының ішкі қабырғасына бекінеді. Имплантация деп аталатын бұл процесс ұрықтанғаннан кейін 6-күннен басталып, 10-12 күн өткеннен кейін аяқталады.

Өсіп келе жатқан эмбрион жасушалары көптеген жүктілік тестілерінен табылатын хорион гонадотропин деп аталатын гормон немесе HCG бөле бастайды.

HCG етеккір циклін бөлу үшін аналық гормондарды бағыттап, жүктіліктің жалғасуына мүмкіндік береді.

Capítulo 7   La placenta y el cordón umbilical

Келесі кезеңде бластоцистаның айналасындағы жасушалар плацента деп аталатын құрылымды қалыптастырады, бұл аналық және эмбриондық жүйелерінің арасындағы шекара қызметін атқарады.

Плацента дамып келе жатқан сәбиге оттегі, қоректік заттар дәрілік заттар тасымалдайды және керексіз заттарды шығарып тастап, ана қанының сәби қанымен араласуының алдын алады.

Плацента сондай-ақ гормон бөледі және эмбрионның температурасын ананың температурасынан жоғары ұстайды.

Плацента дамып келе жатқан адаммен кіндік арқылы байланысады.

Плацентаның тіршілікті қамтамасыз ету қабілеті қазіргі заманғы ауруханалардағы интенсивті емдеу жабдықтарымен пара-пар.

Capítulo 8   Nutrición y protección

Бірінші аптада ішкі жасуша массасындағы жасушалар гипобласт және эпибласт деп аталатын екі қабатты құрайды.

Гипобласт ананың ұрықты қоректік заттармен қамтамасыз ететін, құрылымдарының бірі болып табылатын сары уыз қаптарын түзеді.

Эпибласт жасушалары амнион деп аталатын мембрана түзеді. Оның ішінде эмбрион және кейіннен нәресте туғанға дейін дамиды.

Capítulo 9   2 a 4 semanas: capas germinales y formación de órganos

Шамамен 2 1/2 аптада, эпибласт эктодерма, эндодерма, және мезодерма деп аталатын үш арнайы ұлпаны немесе ұрық жапырақшасын түзеді.

Эктодерма ми, жұлын, жүйке, тері, тырнақ, және шаш, сияқты көптеген құрылымдарды түзеді.

Эндодерма тыныс және ас қорыту жолдарын қалыптастырып, бауыр, және ұйқы безі сияқты негізгі органдардың бөлшектерін түзеді.

Мезодерма жүрек, бүйрек, сүйек, шеміршек, бұлшық ет, және басқа да құрылымдарды қалыптастырады.

Үшінші аптада ми алдыңғы, ортаңғы және артқы болып үш негізгі бөлікке бөлінеді.

Бұл кезде тыныс алу және ас қорыту жүйелері де дамып келе жатады.

Алғашқы қан жасушалары сары уыз қабында пайда болған кезде бүкіл эмбрионның бойында қан тамырлары қалыптасып, түтікше тәрізді жүрек пайда болады.

Жеке камералар дами бастаған кезде бірден дерлік тез өсіп келе жатқан жүрек өзінің ішінде бөлінеді.

Жүрек ұрықтанғаннан 3 апта және 1 күн өткеннен кейін кейін соға бастайды.

Айналым жүйесі - функционалдық жағдайға қол жеткізетін алғашқы ағза жүйесі немесе өзара байланысты органдар тобы.

Capítulo 10   3 a 4 semanas: el plegamiento del embrión

3 және 4 аптаның аралығында сары уыз қабының бойында эмбрионның миы, жұлыны және жүрегі тез ажыратылатын күйге жеткен кезде дененің жоспары пайда болады.

Тез өсу жалпақ эмбрионның жиырылуына әкеп соғады. Бұл процесс сары уыз қабының бір бөлігінен дамып келе жатқан адамның ас қорыту жүйесін түзіп, төс және құрсақ қуысын қалыптастырады.