Skip Navigation

National Geographic Society Este programa se distribuye en los Estados Unidos y Canadá por National Geographic y EHD. [obtenga más información]

DVD ilustrado plurilingüe

La biología del desarrollo prenatal




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


 

Descargar versión en formato PDF  ¿Qué es PDF?
 

Capítulo 1   Introducción

Адамның жалғыз жасушадан тұратын зиготасының 100 триллион жасушалы ересекке айналатын процесі табиғаттағы ең таңғаларлық құбылыс болса керек.

Ересек дене атқаратын қарапайым функциялар тумастан бұрын жүктілік кезінде қалыптасатынын зерттеушілер қазір біледі.

Бұл туу алдындағы даму кезеңі дамып келе жатқан адамның туылғаннан кейінгі кезде өмір сүруге қажет көптеген құрылымдар мен дағдыларды өзіне қабылдайтын дайындық уақыты болып танылады.

Capítulo 2   Terminología

Адамдарда жүктілік кезеңі ұрпақтанғаннан немесе ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейін 38 аптаға созылады.

Ұрпақтанғаннан кейінгі бастапқы сегіз апта ішінде дамып келе жатқан адамды эмбрион деп атайды. Ол "іштен өсуші" дегенді білдіреді. Бұл эмбриондық кезең деп аталатын мерзім дененің көптеген басты жүйелерінің қалыптасуымен сипатталады.

8 апта аяқталғаннан бастап жүктіліктің соңына дейін дамып келе жатқан адамды "ұрық" деп атайды, яғни ол келе жатқан ұрпақ дегенді білдіреді. Эмбриондық кезең деп аталатын бұл кезеңде дене өседі және оның жүйелері жұмыс істей бастайды.

Бұл бағдарламадағы барлық эмбриондық және құрсақ ішілік жастар ұрықтанғаннан кейін уақытқа тәуелді.